Ақтауда игі істер марафоны аясында “Таза өлке” сенбілік шарасы өтті

14 Шілде, 23:47 512

Маңғыстау облысында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қарақия аудандық жастар ресурстық  орталығының ұйымдастыруымен «Таза өлке» сенбілігі өтті. Шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық жұмыстарын жасап, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыру. 

Тазалық маусымы Қарақия ауданы Құрық ауылы теңіз жағалауында өтті. 120-ға жуық жас сенбілікке қатысты және 4 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 75 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Айта кетейік, «Игі істер марафоны» ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тапсырысы негізінде орындалып жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: