Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап жансақтау бөліміне жатқызылды

19 Тамыз 2023, 19:53 1248

Ақтауда ер адам тұрғынүйдің төртінші қабатынан оқыстан құлап, мертігіп қалды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға куәгерлерінің сөзінше қайғылы оқиға кеше түнде орын алған. Ақтаудағы 13 шағын аудандағы көпқабаттың үйдің ауласында болған жағдайда нкейін бірден жедел жәрдем келді. 

Облыстық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен 1978 жылы туған ер адам қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. 

Науқас өте ауыр жағдайда. Оған қатысты тиісті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр", деп хабарлайды МО ауруханасының баспасөз қызметіндегілер.

Перизат Саденова
Бөлісу: