Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, төртінші қабаттан секіріп кетті

15 Қыркүйек, 17:46 596

Оқиға қаладағы 28 А шағынаудан 4-үйде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адам өзіне пышақ сұғып, «Мен істеген жоқпын ондай қылмысты» деп терезеден секіріп кетті. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, — деп жазылған хабарламада. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: