Ақтауда ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып жықты

Бүгiн, 10:40 172

Әлеуметтік желіде ер адамның қызды аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Ақтауда болған. Кадрдан жігіттің жас қызды бетінен ұрып құлатқанын көруге болады.

Кейбер деректерде жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болғаны, дегенмен ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, қыз онымен айырылысып кеткені туралы жазылған. Сөйте тұра ол қызды аңдып, қорқытып, ұрып-соғады екен.

Желі қолданушылары оны Қуандық Бишімбаевқа теңеп жатыр. Ал жәбірленушінің туыстары кінәлінің жазалануын сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: