Ақтауда елді 90 миллион теңге шығынға батырған күдікті ұсталды

Кеше, 21:18 224

Ақтау тұрғындарына 90 миллион теңгеден астам шығын келтірген ірі интернет-алаяқтық ісі бойынша Алматы қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті осы жылдың қазан айында банк шоттарын алаяқтардың пайдалануы үшін ұсынған. Осы арқылы ол заңсыз әрекеттерге көмектесіп, ауыр қылмыстың жасалуына көмектескен.
Алаяқтардың әрекеті Ақтау тұрғындарына елеулі материалдық зиян тигізген.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті тергеу сотының шешімімен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Асқар Таудай
Бөлісу: