Ақтауда екі сәби дезинфекциядан уланып, көз жұмды

23 Қазан 2023, 13:14 853

Ақтауда екі сәби дезинфекциядан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қайтыс болған сәбидің туысының айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтеріне дезинфекция жұмыстарын жүргізген. Алайда, ол бұл туралы ешкімге ескертпеген.

Сол түні кішкентай балалар ауырып, құса бастады. Жедел жәрдем шақырғанмен, өкінішке орай балаларды құтқара алмады. Қалған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр», - деді туысы.

Ол сондай-ақ көршісін полиция қызметкерлері жауап алу үшін алып кеткенін айтты.

Біз үйді жуып, тазаладық, бірақ бәрібір жағымсыз иіс әлі де бар. Осындай қайғылы оқиға бұрын Маңғыстау ауылындағы 2 шағын ауданда болған. Неліктен көршілерге алдын ала ескертпеген? Өйткені, мұның қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін бәрі біледі», - деді балалардың анасының сіңлісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген. Сараптама тағайындалды.

 

EL.KZ
Бөлісу: