Ақтауда «Бірлік күніне» орай мерекелік концерт ұйымдастырылды

2 Мамыр, 06:35 617

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның шымылдығын 50 биші хореографиялық қойылыммен ашты. Олардың қатарында «Айша қыз», «Альтаир» би ансамблі, үлгілі ұжым «Колибри» сән-театр студиясы, «Настроение» және «Шадвал» би ансамблі бар. Концертте Есір Айшуақұлы атындағы қазақ ұлттық оркестрі «Қазақ маршын», Қарашаш Избаева, Аяулым Сарсенбай және «Ертегілер» вокалды тобы «Қыз арманы» әнін орындады. Шара барысында LED-экран арқылы этно-мәдени орталықтардың құттықтау видеосы көрсетілді. 

Концертте Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің шығармашылық ұжымдары өнерлерін көрсетті. Кеште еліміздегі әртүрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды. 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!, - деді Абай атындағы мәдени-демалыс кешені басшысының орынбасары Маргарита Омарова.

Перизат Саденова
Бөлісу: