Ақтауда жаңа оқу жылында Қ.Бекжанов атындағы мектептің бірінші сыныбына жеті егіз қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мектеп директоры Назира Ақбержанованың айтуынша, білім ордасында 0-11 сынып арасында отыз егіз оқушы білім алып жатыр.
Бұған дейін мектебімізде мұндай жағдай болмаған. Биыл біздің бірінші сыныбымызға 7 бірдей егізді қабылдадық. Жалпы мектепте 0-11 сынып аралығында отыз егіз оқиды. Егіз оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы жоғары. Ұстаздарымыз оқушыларға сапалы білім және тәрбие беруде еңбек етіп жатыр, - деп атап өтті ол.
Қазіргі уақытта бұл мектепте 2213 бала білім алып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram