Ақтауда мектеп асханасының санитарлық тазалығы тексерілді

Кеше, 19:12 264

Ақтау қаласының әкімі №18 жалпы білім беретін мектеп асханасының тазалығын санитарлық сарапшы маманмен бірге тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеріс барысында Әбілқайыр Байпақов асхананы жалға алушы кәсіпкерлердің санитарлық талапқа сәйкестігін, тамақ сапасын үнемі бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды. 

Қаладағы барлық білім ошақтары мен балабақшалар санитарлық-эпидемиологиялық мамандармен бірге жұмысты пысықтауы керек. Бізге дені сау ұрпақ керек. Білім мен қатар балалардың денсаулығына көңіл бөлу керек, - деді Ақтау қаласының әкімі.

Асқар Таудай
Бөлісу: