Ақтауда бейімдеу орталығынан қашып кеткен 16 жастағы қыз табылмай жатыр

23 Ақпан, 12:40 1996

Ақтауда 16 жастағы қыз 1 ақпанда бейімдеу орталығынан қашып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, жоғалған бойжеткеннің анасы Анастасия Пенскаяның 22 күннен бері байланысқа шықпағанын айтты. Оның сөзінше, бұған дейін қызы ешқашан жоғалмаған және бір жерге барса ескертіп отырған. Қазір бойжеткенді достары, таныстары, туыстары және Маңғыстау облысының полицейлері іздеп жатыр.

Бойжеткен биыл 1 ақпанда түнгі сағат екілер шамасында жоғалып кеткен. Ол Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, Анастасия Пенская жоғалған күні қара күрте, қара шалбар және ақ-қара түсті кроссовка киген. Ол қара шашты, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: