Ақтауда бес адам кәріз кабель сымдарын ұрлап келген

20 Қараша 2023, 15:04 693

Ақтау полицейлері ұрлыққа қатысы бар бес күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала аумағында орналасқан кәріз сору станцияларының бірінен кабель сымдары және кәріз құдығының қақпақтары қолды болып, күдіктілер оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Жәбірленуші полицияға арызбен жүгінеді.

Келтірілген материалдық шығын 105 млн 237 035 теңгені құрайды. Ұрлыққа қатысы бар 20, 21, 22 және 39 жастағы бес күдіктінің жеке бастары анықталды.

ҚР ҚК 188-бабы бойынша қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Күдіктілердің барлығы УҰИ-ға қамауға алынды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: