Ақтауда 24 жастағы Керім Кәмшат бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде 18 сәуірде кешкі сағат 22.00 шамасында Шығыс-3 ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған қызды іздестіру туралы хабарлама таралып жатыр.
Ол ұзын, жасыл гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл күрте және ақ спорттық аяқ киім киген. Оны көргендер болса 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз, - делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаменті өкілдері жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.