Ақтауда 17 жастағы спортшы қайтыс болды

1 Сәуір, 12:27 869

Ақтауда NOMAD MMA бойынша облыстық чемпионатқа қатысушылардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы К. құлап қалды. Спортшыға алғашқы көмекті "Батыр" спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті, оқиға орнына жедел жәрдем келді, бірақ, өкінішке орай, жас жігітті құтқара алмады. Турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берді. Апаттың ащы нәтижесі бәріміз үшін тосын жағдай болды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, оның шеңберінде құзыретті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеп жатыр. Біз жақын-жандарына қайғырып көңіл айтамыз, - делінген Маңғыстау облысының Nomad MMA федерациясының ақпаратта.

Облыстық чемпионат 30-31 наурыз аралығында NOMAD MMA бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында "Батыр" спорт кешенінде өтті.

Nomad MMA-қазақстандық аралас жекпе-жек стиліндегі спорт түрі, онда жауынгерлер қолдарымен және аяқтарымен соққы техникасын, сондай-ақ күрес техникасын пайдалана отырып, толық байланыста жарысады. Турнирге 300-ге жуық спортшы қатысты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: