Ақтауда 17 жастағы бойжеткен шатырдан секірмек болды

23 Мамыр 2023, 14:49 1157

Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

22 мамыр күні 27 шағын ауданда бойжеткеннің шатырдан секіруге әрекеттенгені туралы полицияға хабар келген.

Оқиға орнына жеткен полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев жеткен. Шатырға көтерілген полицейлер қыздың төменге секіруіне жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен көтеріп алды, - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырған. Құтқарылған жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторға тапсырылды.

Бұған дейін Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жасар қызды құтқарып қалғанын хабарлағанбыз

БҚО-да кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.

Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: