Ақтауда 12 жастағы бала құздан құлады

28 Мамыр, 17:30 696

Ақтау қаласында 12 жастағы бала құздан құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға 25 мамырда Caspian Rivera қонақүйінің артында болған. Бала 3-4 метр биіктіктен құлады. Оның жағдайы туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері хабарлады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 25 мамырда түстен кейін сағат 11:31 шамасында оқиға туралы қоңырау түскенін мәлімдеді.

4А ықшамауданындағы Caspian Rivera қонақүйінің артында 2012 жылы туған бала 3-4 метр биіктен құлап кеткен. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге зардап шегушіні зембілмен жедел жәрдемге жеткізді.

Баланың жағдайы туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтып берді.

Оқиға орнына жедел жеткен жедел жәрдем бригадасы баланы облыстық балалар ауруханасына тексеруге жеткізді. Дәрігерлер мидың томографиясын жасады. Баланың бас сүйек-миы жарақаттанып, миы шайқалған, – делінген хабарламада. 

Дәрігерлердің сөзінше, баланың есі дұрыс, балалар ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың үнемі бақылауда екенін айтты.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: