Маңғыстауда «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішевтің төрағалығымен өткен жиында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали қатысушыларды «Дархан дала» этноқалашығы бойынша жобамен таныстырды.
Шараға тиісті мемлекеттік орган басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, Yessenov university, Білім-инновация лицейі, Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылары қатысты.
Қатысушылар жиында шараны ұйымдастыру бойынша мәселелері мен сұрақтарын ортаға салды.
Жиын қорытындысына сәйкес қала, аудан әкімдіктеріне және тиісті мемлекеттік орган басшыларына ұйымдастыру шараларына қатысты тапсырмалар берілді.