Ақтау тұрғынын тонаған адам Мәскеуде ұсталды

19 Қараша, 09:06 320

2018 жылы Ақтау тұрғынын тонаған ер адам Мәскеуде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен тонау жасап, халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды.

2018 жылы қаскүнем Ақтау тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, оны тонап кеткен, - делінген мәліметте.

Ер адам қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: