Ақтау тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін ұсталды

17 Қазан, 09:20 316

Ақтауда полицейлер есірткі дилерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында жергілікті тұрғын ұсталды. Ол синтетикалық есірткілерді сақтау және орау үшін пәтерді жалға алған.

Қызметтік иттің көмегімен 550 грамм болатын “мефедрон” синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ тінту кезінде zip-қаптамалар, түрлі-түсті изолента, есірткіні өлшеп орауға арналған электрондық таразылар анықталды.

Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Мөлдір Қайнар
Бөлісу: