Ақтау тұрғыны балаларға тиісті деген күдікке ілінді

31 Шілде 2023, 16:13 841

Ақтау тұрғыны балаларға тиісті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысының полиция департаменті мәліметінше, оқиға 31 шілде күні болған. Сағат 00:25-те құқық қорғау органдарына 26 шағын ауданның тұрғындары кішкентай балалардың артынан қуып жүрген ер адамды ұсталды деген қоңырау келіп түскен.

Оқи отырыңыз:

Тұрғындардан келген қоңырауға патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты. Тексеру барысында 43 жастағы ер адам балаларды қуаламағаны, керісінше түнгі тыныштықты бұзғаны анықталды. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК 437 - бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді ведомстводан.

ПД күдікті тарапынан балаларға зорлық-зомбылық қолданылмағанын мәлімдеді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: