Ақтау порты арқылы 287 мың тонна мұнай экспортталды

10 Ақпан, 01:01 3309

2024 жылдың қаңтарында Ақтау порты арқылы тасымалданған қазақстандық мұнай экспортының көлемі 287 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 мың тоннаға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазТрансОйл» АҚ мәліметінше, Ақтау портынан Баку портына қарай мұнай тасымалдау көлемі 60 мың тоннаға артып, 116 мың тоннаны құрады. Ал Ақтау портынан Махачкала портына 171 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2023 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 17 мың тоннаға артық.

2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырған. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.

Перизат Саденова
Бөлісу: