Ақтау маңында құлаған ұшақта қанша қазақстандық бар екені айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 12 адам түрлі жарақатпен Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Он екі адамның біреуі бала.
Алдын ала болжам бойынша, Embraer 190 ұшағы құстармен соқтығысқан.
Бұған дейін, ұшақ бортындағы жолаушылар тізімін жариялаған едік.