Ақтау іргесіндегі ауылдан заңсыз төгілген 19 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

25 Мамыр, 02:35 615

Өмірзақ ауылына қарасты «Ақ желкен» тұрғын үй массивінде заңсыз тасталған 19 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жұмыстарға 10 қызметкер мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі заңсыз қоқыс тастаған азаматтарға әкімшілік шара қарастырылғандығын ескертеді. Заң бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік және құқық бұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады. 

- Өмірзақ ауылына қарасты «Ақ желкен» тұрғын үй массивінде заңсыз тасталған қоқыстар тазартылды. Шара барысында 19 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі «Кіші Оймаша» көлі, 29А шағынаудандағы зират, 25 шағынаудан көк базардың маңын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындардан үлкен қоқыстарды қаладан 25 шақырым жерде орналасқан полигонға шығаруды сұраймыз, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.

Зарина Арман
Бөлісу: