Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау әуежайы ұшақты қабылдауға дайын болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, экипаж Қазақстанның әуе кеңестігіне енген бойда Ақтау қаласының мұнара диспетчерімен байланыс орнатқан. Диспетчер ұшақ аэродромға қонуы үшін барлық қажетті әрекетті жедел түрде түсіндірген.
Сонымен қатар жолақпен визуалды байланыс орнатуды жеңілдету үшін ҰҚЖ шамдары қосылды. Экипаж Ақтау әуеайлағының ұшу-қону жолағына кіруге екі рет әрекеттеніп, сол әрекеттерінің барысында әуе кемесі биіктігінің ретсіз өзгерістері байқалды... Ұшақ жағалау сызығына қарай бұрылды. Сағат 11:28-де экипажбен байланыс үзіліп, әуе кемесі жерге құлады, - деді Қарабаев.