Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, халықаралық іздеуде болған Тимур Сәдуақасов Өзбекстаннан елге жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
25 ақпанда Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бақылау-өткізу пунктінде ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылып, кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі.
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.
Ол Өзбекстан шекарасын заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды.