Ақша емес, адамды қорғаудың амалын ойлау керек – Жигули Дайрабаев

15 Қараша 2023, 12:00 1390

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев еліміздің қорғаныс саласындағы әскери резервтің тым аз екенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжілісте қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери резервті қызмет мәселелері бойынша заң жобасын баяндады. Осы мәселеге байланысты депутат Жигули Дайрабаев заңның кем-кетік тұстарына тоқталды.

Әскерге резерв керек. Әскердегі резервтің саны аз. Әскерге қатты көңіл бөлуіміз керек. Біз өзімізді өзіміз қорғамасақ, басқа ешкім қорғамайды. Әскерге барып, отан қорғауына азаматтардың 50 жасқа дейін мүмкіндігі бар. Мысалы кеңес үкіметі кезінде жылына 10 күн әр ауданнан облыс орталығына жиналып, әскери әдіс-тәсілдің барлығын үйрететін. Ол кездегі жақсы нәрселерді біз неге ұмыт қалдырамыз? 2000 резерв деген аз. Халқымыздың саны 20 млн. Жеріміз үлкен. Сондықтан мемлекет мықты болу үшін қорғанысқа қатты көңіл бөлу керек. Ақша емес, адамды қорғаудың амалын ойлау керек, - деді Жигули Дайрабаев.

Қорғаныс министрі резервке әскери қызметтен өткен қызметшілерді қарастырып отырғанын, олар жылына екі ай әскери резервке шықырылатынын атап өтті. Сондай-ақ олар білімін жаңартып, әскери жұмысты үйлестіре алатындығын айтты. 

Миражан Махан
Бөлісу: