"Ақша бар, талант жоқ". Жұлдыз Әбдукәрімованы Бузовамен салыстырды

27 Қараша 2023, 13:24 3518

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Алматыдағы сән көрсетілімдердің бірінде өзін модель ретінде таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Актрисаның жаңа образы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Жұрт пікірі екіге жарылып, бірі оның бағын ашқан Қайрат Нұртас десе, екінші жақ Жұлдыздың өзі өте талантты екенін жарыса жазып жатыр.

Алматының сұлулыққа толы кербез кештерін ұнатамын. Бүгінгі кештің иесі атақты ARUNAZ сән үйі. Жаңа топтамасын таныстырды, - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

"Осылай жүргені күйеуі мен енесінің арқасы", "Қайрат болмаса ешкім танымас та еді", "Жұлдызды жұлдыз қылған енесі, мойындау керек", "4 баласы бар деп айтпайсың", "Жұлдыздың еңбегін жоққа шығармаңдар", "Ақшасы бар, таланты жоқ. Дәл Бузова сияқты"- деп жазып жатыр желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: