АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі алғаш рет Ұлытау облысында болды

22 Маусым, 03:25 570

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Даниэль Розенблум арасында кездесу өтті. Өңір басшысы Елшіге жаңадан құрылған облыста жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында аймақ басшысы 2027 жылға дейін металлургия, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 1,6 миллиарда долларды құрайтын 27 инвестициялық жобаны іске қосудың жоспарда тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар Берік Әбдіғалиұлы американдық инвестор Global Chemicals Industries демеуімен қуаттылығы жылына 200 мың тонна барит кенін өндіретін «Қаражал Оперейтинг» инвестжобасының (құны 13,3 млн доллар) сәтті жүзеге асып жатқандығын да айтты. 

Ізеттілік кездесуімізді оңтайлы пайдаланып, сіздердің кәсіпкерлерді біздің облысқа инвестор болуға шақырамыз. Бұндай қадам өңірге өз септігін тигізіп қана қоймай, өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, - деді Ұлытау әкімі.

Перизат Саденова
Бөлісу: