Таллахасси қаласындағы Флорида мемлекеттік университетінде болған атыс салдарынан екі азамат қаза тауып, тағы бес адам жараланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктіге полиция оқ атып, ауруханаға жеткізілді. Бұл – биыл Флорида штатында тіркелген алтыншы жаппай атыс.
Полиция 20 жастағы студентті күдікті ретінде ұстады. Ол жергілікті шериф орынбасарының ұлы. Тергеу барысында күдіктінің анасына тиесілі болған қызметтік тапанша табылды.
Университеттегі барлық сабақтар мен іс-шаралар ертеңге дейін тоқтатылды.