АҚШ-тан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқан адам сотталды

21 Қаңтар, 21:29 766

АҚШ-тан Қазақстанға есірткі алдыртып келген тұлға 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын аса ауыр санатына жататын қылмыстық істердің тізбесі кеңейтілді.

Олардың қатарына есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар да енді.  

2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан азамат А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Олардың үкімі бойынша кінәлі тұлға сотпен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұл азаматтың АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірдіесірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келінген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: