Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ аумағындағы дауыл, су тасқыны және торнадо салдарынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең көп адам шығыны Теннесси штатында тіркеліп, онда 10 адам қаза тапқан. Олардың қатарында Кентуккиде су тасқыны кезінде ағын әкетіп қалған 9 жасар бала мен Арканзастағы 5 жасар бала да бар.
Табиғи апат Арканзас пен Кентукки штаттарына да үлкен шығын әкелді. Синоптиктер бұл аймақтарда су тасқыны жалғасуы мүмкін екенін ескертуде.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жергілікті билік зардап шеккен өңір тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы болжамдарының жаңартуларына мұқият болуға шақырады.