АҚШ-та жеңімпаздардың шеруі кезінде жаппай атыс болды

15 Ақпан, 09:50 917

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында жаппай атыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – 2024 жыл басталғалы осымен 48-осындай оқиға.

CNN телеарнасының мәліметінше, Канзас-Ситидегі атыс «Супербоул» жеңімпаздарының құрметіне арналған шеру кезінде болды. Суреттерден іс-шараға қарақұрым адам жиналғанын көруге болады.

Атыс салдарынан бір адам қайтыс болып, 22 адам жарақат алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: