Вашингтонда Потомак өзенінен ұшақ пен әскери тікұшақ соқтығысынан қаза тапқан 18 адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
CBS мәліметінше, әзірге тірі қалғандар анықталмаған. Өзенде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Суға құлаған әуе кемесінің бортында 64 адам, ал тікұшақта үш әскери қызмекер болған.
CNN телеарнасы іздеу жұмыстарына тікұшақтар жұмылдырылғанын, сонымен қатар оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатқанын жазды.
Бұған дейін Вашингтонда жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлағаны туралы жазғанбыз.