АҚШ-та ұрланған қыз ойын приставкасының арқасында табылды

18 Шілде 2023, 15:15 960

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы (ФБР) 2022 жылдың тамызында із-түзсіз жоғалған 14 жасар қызды табу үшін Nintendo Switch ойын приставкасын пайдаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ABC15-ке сілтеме жасап.

Істің егжей-тегжейі енді ғана белгілі болды. Жасөспірім 2022 жылдың 3 тамызында Вирджиниядағы үйінен жоғалып кетті. Отбасы оның тағдыры жайында 11 күн бейхабар болған.

Сот құжаттарына сәйкес, қызды 28 жастағы Этан Робертс ұрлаған. Ол жасөспіріммен интернет арқылы достасып, көрісіп-танысу үшін 3 мыңнан астам шақырым жерден Вирджинияға келіп, содан кейін оны Аризонаға алып кетті.

Полицияның хабарлауынша, одан кейін Робертс қызды Толлесондағы тұрғын үй кешеніне әкеледі. Ұрлаушы қыздың порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін түсіріп, оларды Snapchat пайдаланушыларына сатқан.

Ол бірнеше күнде көп нәрсені бастан өткерді, — дейді қызды іздеумен айналысқан еріктілер ұйымын басқарған Коулман.

Ұрлаушы қызға Nintendo Switch ойын приставкасын өзімен бірге ала кетуге рұқсат берген.т Қыз YouTube көру және ойын жүктеу үшін желіге қосылған кезде интернетте цифрлық із қалдырды. ФТБ қызды осының арқасында тауып алған. Консоль пайдаланушыға желіге қосылған сайын ойындағы достарын ескертуге мүмкіндік береді. Осы функция 14 жасар қызды құтқаруға көмектесті. Досы оның есімі желіде қосылып тұрғанын байқап, дереу билікке хабарлаған.

ФТР мен АҚШ полициясы күдіктілерді ұстау және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу үшін құрылғыларды цифрлық бақылауды жиі пайдаланады. Барлығы Wi-Fi және LTE - ұялы телефон, iPad, сағаттарға қосылады. Бұл заттарды адам табу үшін пайдалануға болады. Бұл оқиғада консольдің арқасында ФТБ IP мекенжайын алып, ұрлаушының үйін анықтап алды. Қылмыскер қамауға алынды. Ұрланған қыз отбасына оралды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: