АҚШ-та көз жұмған қазақстандық спортшының денесін елге әкелуге ақша жинап жатыр

21 Мамыр 2023, 20:15 1017

АҚШ-та көз жұмған қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаевтың денесін елге жеткізуге ақша жинап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24 жастағы спортшы Лос-Анджелесте қайтыс болды.

Дінмұхамедті Қазақстанға апарып жерлеу үшін 15 мың доллар қажет, - делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.

Велосипедшінің өлімі туралы 17 мамырда Қазақстан велоспорт федерация мәлім етті. Спортшының жүрегі тоқтап қалған.

Өмірінің соңғы жылдары велошабандоз жұмысқа шақырту алған АҚШ-та өткізген. Ол америкалық велокомандалардың біріне мүше болуды жоспарлапты.  

Спорттағы мәнсабында Дінмұхамед Ұлысбаев Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогын иеленген. Сондай-ақ Қазақстан чемпионатының медалін бірнеше мәрте таққан.

Перизат Саденова
Бөлісу: