АҚШ-та ер адам әйелін өлтіріп, суретін Facebook-ке жариялаған

31 Шілде 2023, 17:45 1759

АҚШ-та ер адам әйелін өлтіріп, суретін Facebook-ке жариялаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыскер полицияға өз еркімен берілген, ал Facebook басшылығы қылмыскердің аккаунтын өшіріп тастады.

31 жастағы Майамидің Флорида штатының тұрғыны Дерек Мединаның үйінен әйелінің мәйітін анықтаған. Одан бөлек, басқа некеден туған он жасар қызын тапқан. Абырой болғанда қылмыскер қызға тиіспеген. Ол, зардап шеккен жоқ. 

Полицияға хабарласқанға дейін Дерек Медина Facebook-те әйелінің қаза тапқан суретімен оны бұл әрекетке не итермелегені туралы пост жариялаған.

Әйелім мені ұратын. Мен бұдан былай бұл қатыгездікке төзгім келмеді. Сондықтан, әйелімді өлтірдім. Сіздер мені түсінесіздер деп үміттенемін, - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қылмыскер, көп уақыт ұзамай желіде екінші пост жариялады. Ол жазбада Дерек достарымен қоштасып, полицияға өз еркімен берілетінін жазған.

Мен түрмеге отыратынымды білемін және бұл қылмысым үшін өлім жазасына кесілемін. Мен сендерді жақсы көремін, достарым. Сендерді сағынатын боламын. Өздеріңді сақтаңдар. Ал, Facebook қолданушылары, сіздер мені жаңалықтардан көресіздер, - деп жазды ол.

Анықталғандай, Медина риэлтор болып жұмыс істейді. Одан бөлек, Дерек театрдағы қылмыстық қойылымдарды сахналауға көмектесетіні белгілі болды. Оған қоса, ол "Мен сөйлесу арқылы қалай біреудің өмірі мен некесін құтқардым?" және "Сын мен өзімшілдік біз өмір сүріп жатқан әлемді қалай құртып жатыр?" атты екі онлайн кітаптың авторы.

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: