АҚШ-та бойының айырмашылығынан рекорд орнатқан ерлі-зайыпты тұрады

11 Сәуір, 09:06 1683

АҚШ-та бой айырмашылығы ең үлкен ерлі-зайыпты тұрады, тіпті олар Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күйеуі әйелінен 86 сантиметр кіші: 40 жастағы Джессика Макдоннеллдің бойы 177,8 сантиметрге, ал оны 42 жастағы күйеуі Ларридің бойы 91,44 сантиметрге тең. Ер адамға сирек кездесетін жүйелік қаңқа дисплазиясы диастрофиялық ергежейлілік диагнозы қойылған.

Суреттер: t.me/ru2ch

Джессика мен Ларри бір-бір бастауыш сыныптан бері таниды, екеуі жасөспірім кезінде достасып, кейіннен үйленді.

Бұл жұптың төрт баласы бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: