АҚШ-та белгісіз біреулер қырғызстандық отбасыны өлтіріп кетті

Бүгiн, 12:43 1941

Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-та жұмбақ жағдайда өлтірілген қырғызстандық отбасының денелерін елге жеткізу үшін қаражат жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-та Бермет Анварбекова мен Азамат Доронбековті, сондай-ақ олардың бес жасар ұлын біреулер өлтіріп кеткен.

Марқұмдардың денелерін туған еліне жеткізу үшін отандастары 40 мың доллардан астам қаражат жинаған.

Белгілі болғандай, Бермет Анварбекова мен Азамат Доронбеков АҚШ-қа 2012 жылы қоныс аударған.

Ешбір қиындыққа қарамастан, бұл отбасы күндіз-түні тынымсыз еңбек етті, сол арқылы трак жүргізушілері қоғамдастығының бір бөлшегіне айнала білді. 2019 жылы жұптың көптен күткен сәбиі дүниеге келді. Ол «ерекше» бала еді. Бірақ ата-анасы сынаққа мойымай, бүлдіршінге бар махаббатын берді, - деп жазды қорды ұйымдастырушылар.

Ерлі-зайыптылардың өздері де Қырғызстаннан келген отандастарына көмектесу үшін қайырымдылықпен айналысқан екен.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: