АҚШ-тың Мэн штатында атыс болып, салдарынан 22 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Льюстон қаласында болған. Белгісіз біреу оқ жаудырып, 22 адам көз жұмса, тағы 50 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.
Fox News мәліметінше, атыс үш жерде — барда, боулинг-орталықта және Walmart дүкенінде болған.
Телеарна күдіктінің қолға түскенін хабарлады.