АҚШ-та 15 мыңнан астам трансгендер әскерден қуылады

Бүгiн, 10:16 177

Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп АҚШ армиясындағы барлық трансгендерді жұмыстан қуады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

The Times мәліметінше, медициналық тексерістер қорытындысы бойынша 15 мың әскери қызметкер әскери қызметке жарамсыз деп танылып, пагондарынан айырылмақ.

Былтыр сарбаздарды қатарға қосу кезінде бастапқы жоспардан 41 мың адамның кем болғанын ескерсек, аяқ астынан 15 мыңнан астам әскери қызметкердің жұмыстан қуылуы жауынгерлік бөлімшелерге әкімшілік жүктемені арттырады, бөлімшелер арасындағы ауызбірлікті бұзып, дағдылардағы маңызды олқылықтарды күшейтеді, — деді Американың қазіргі әскери қауымдастықтары директоры Рэйчел Бранаман басылымға берген сұхбатында.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: