Ақсайда бейнекамера жазбасы арқылы қылмыскер анықталды

19 Қыркүйек 2023, 22:57 693

Батыс Қазақстандағы жедел уәкіл қызметкерлеріне қылмыскердің ізін анықтауға қылмыс жасалған аумақта түсірген бейнебақылау камераларының жазбалары көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер ведомствосының телеграм арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, қылмыс қыркүйектің 9-ына қараған түні Ақсай қаласында болған.

Сол күні 1991 жылы туған әйел түнделетіп үйіне келе жатып, жігітті кездестіреді. Ол белгілі бір мекен-жайды айтып, мұны әңгімеге шақырады. Алайда танысу барысы күш қолдануға дейін жетіп, зорламақшы әрекет жасайды. Әйел қашып үлгереді. Қылмыскер де оқиға орнынан бой тасалайды. Үйіне келген жәбірленуші жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасаған Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды, - делінген хабарламада.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: