Аққулардың жаппай қырылуынан кейін Rixos Aktau қонақүйіне қатысты іс қозғалды

4 Ақпан, 19:02 729

Маңғыстау облыстық экология департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде «Aktau Tourism Ltd» тарапынан табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

 ҚР ӘҚБтК-нің 331-бабының 2-бөлігі «Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластанудан және бітелуден қорғау жөніндегі талаптарды бұзу» 328-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істер қозғалды. 

«Қоршаған ортадағы  антропогендік әсер ету нормаларын бұзу» бойынша әкімшілік іс басталды. 

 Анықталған заң бұзушылықтарды жою және ластаушы заттардың рұқсат етілген нормаларына сәйкес тазарту дәрежесіне жеткенге үдейін немесе қаланың кәріз желілеріне сарқынды суларды ағызғанға дейін Қаракөл көліне ағынды суларды жіберуді тоқтату туралы ұйғарым шығарылды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: