Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

16 Желтоқсан 2023, 00:25 906

Бүгін Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Комиссия мүшелері Ұлытау, Жетісу, Абай және Маңғыстау облыстары әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерді тыңдады.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасын, сондай-ақ мүгедек адамдардың қазақ тіліндегі контент пен мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мәселесін талқылады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға қызметтің ақпараттық ашықтығын және мүгедек адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейту тапсырылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне келесі отырыста Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының ("Мемлекеттік тілдегі инновациялық IT-жобаларды және тілді ақпараттық насихаттау жобаларын, оның ішінде 2024-2029 жылдарға арналған мүгедектер үшін әзірлеу және шығару") 60-тармағының іске асырылу барысы туралы баяндау тапсырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: