Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

4 Қаңтар, 09:01 1480

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған. 

2012 жылы Қарағанды облысының Салық басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2021 жылдары — ҚР Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы. 

2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: