Ақпанның басына арналған ауа райы болжамы

29 Қаңтар, 16:09 49731

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандағы синоптикалық жағдайды ауа райының тұрақсыз сипатына себепші солтүстік-батыс циклоны қалыптастырады: жауын-шашын күтіледі, солтүстік өңірлерде қар түрінде, оңтүстік өңірлерде ылғалды қар мен жаңбыр түрінде күтілуде.

Боранмен қатар желдің күшеюі, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), көктайғақ және тұман күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: