Ақмолалық полицейлер су басқан аймақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

28 Наурыз, 19:30 350

Ақмола облысындағы су басқан аймақтарда 300-ге жуық полиция қызметкері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, Көкшетау қаласында жағдай күрделі. Қылшақты өзенінің арнасынан тасуына байланысты вокзал маңындағы аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен объектілер су астында қалды. Осы орайда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Ақмола облысының полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Өңірдің автожолдарында су басу қаупі бар 100-ден астам орын бар. Олардың әрқайсысы полицияның бақылауында. Бүгінгі таңда қауіпті жол учаскелерінде 300-ге жуық полиция қызметкері қызмет атқарып жатыр. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қадағалап қана қоймай, арнайы техниканың өтуін қамтамасыз етуде, - делінген ІІМ мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: