Ақмолалық өрт сөндірушілер өрт кезінде жарылысқа жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, бүгін Целиноград ауданы Преображенка ауылының шетінде орналасқан өндірістік ұйымның аумағында ангардың жылуұстағышы жанып, нәтижесінде экскаватордың корпусы зақымдалған.
Өрт сөндірушілер ықтимал жарылыстың алдын алу мақсатында, өрттен 1 газ және 3 оттегі баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің сауатты әрекеттерінің арқасында 9 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы құтқарылды. Өрт 300 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.