Ақмоладағы Каменка ауылында 80 адам өзін-өзі эвакуациялады

16 Сәуір, 04:06 631

Ақмолада Сарқырама өзені суының арнасынан шығуына байланысты Сандықтау ауданы Каменка ауылынан алдын ала 80 адам өзін-өзі эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың барлығы туыстарының үйіне орналасқан.

Құтқарушылар 100-ден астам малды эвакуациялады. Жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдайлар департаменті өкілдері өзен деңгейін бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: