Ақмолада жеке үйде өрт шықты

30 Наурыз, 12:20 528

Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға бүгін 30 наурызда сағат 06.47-де Астрахан ауданы Камышевка ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт кезінде тұрғын үйдің шатыры мен қабырғалары зақымданған. Өрт аумағы - 45 шаршы метр.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД 4 құтқарушысы мен 1 техникасы дереу жеткен. Қызыл жалын 08.50-де толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Төтеншеліктер өрттің себебін анықтап жатыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: