Ақмолада жеке тұрғын үй өртенді

3 Қараша, 00:14 463

Ақмола облысы Шортанды ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Облыстық ТЖД мәліметінше, үйдің шатыры жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілердің арқасында қызыл жалын жедел сөндірілді. Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

 

Зарина Арман
Бөлісу: