Ақмолада жеке тұрғын үй өртенді

12 Мамыр, 00:15 1295

Ақмола облысының  Целиноград ауданы Талапкер ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға 11 мамыр сағат 22.48-де  Талапкерская көшесінде болған. Өрт алаңы - 160 шаршы метр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 3 құтқарушы, 1 техника және Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы мен 2 техникасы жеткен.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында қызыл жалынның таралуы жол берілмеді. Өрт сағат 23.30-де оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: